Қандыағашта жаңа медициналық орталық бар

Қандыағаш қаласында «Нұр-шипа» медециналық орталығы ашылды.

Жеке кәсіпкер Нұрсұлу Истурлиеваның бастамасымен ашылған медициналық орталықта физоемдеу, емшара, массаж сынды 4 түрлі қызмет көрсету бөлмесі бар. Оның әрқайсысында әртүрлі медицналық қызмет түрлері көрсетіледі. Мәселен, физоемдеу бөлмесінде физиотерапиялық емдеу, емшара бөлмесінде система қою, егу жұмыстары жүргізіледі. Медициналық орталық лазер аппараты, увч, электрофарез, кварц лампасы, сарыаурумен туылған нәрестелердің сарғыштығын  жоятын аппараттармен жабдықталған. Жалпы тәжірибелік дәрігер, ересектер мен балалар неврологы Нұрсұлу Истурлиева медициналық орталықты «Даму» фондынан курстан өтіп, сол бойынша несие алып ашып отыр.

– Бұл орталық менің  ең үлкен мақсаттарымның бірі болатын. «Нұр-шипа» клиникасын ашқандағы мақсатым –аудан тұрғындарына емдік қызмет көрсетіп, халықтың денсаулығын жақсарту. Осы мақсатымды жүзеге асырылуына жәрдем көрсеткен «Атамекен» палатасының Мұғалжар ауданындағы филиалының директоры Бернияз Длимовқа және бизнес жобаны әзірлеуге қол ұшын берген Асқар Оңалбайұлына алғыс білдіремін,деді «Нұр-шипа» медециналық орталығының басшысы Нұрсұлу Истурлиева.

Аяжан СҮНДЕТБАЕВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған