Жедел сұхбат

Ізденістің жемісі

  Осыдан бірнеше  күн бұрын Республикалық «Нұр Отан» партиясының форумы өткен болатын. Онда, ел партиясының ұйымдастыруымен, еліміз бойынша «Үздік бастауыш ұйымы» республикалық  байқауы өткізіліп, жеңімпаздар марапатталған.    Форумнан, 1171 мүшесі бар біздің ауданның филиалы да құр қол қайтқан жоқ.  Атап айтқанда, орталық аурухананың бастауыш партия ұйымы жүлдемен оралды. Бұл бастауыш ұйым өткен жылы да дәл осындай марапатқа ие болған еді.

 Осыған байланысты,  аудандық мәслихаттың  депутаты,  аудандық орталық ауруханның бас дәрігері,  аудандық аурухана бастауыш партия ұйымының төрағасы  Берік Жаржанов Қуандықұлынан жедел түрдегі сұхбат алған едік .

–Сіздердің  2  жыл қатарынан  байқауда  жеңімпаз атануларыңыздың сыры неде?  

–Еңбексіз ештеңе де келмейді. Елімізде партия негізі қаланған күннен бастап, бастауыш ұйымдары құрылып, оларға сенім артылды. Партия мүшелері қашанда сенімнен шығуға тырысып келеді.   Бастауыш партия ұйымы көп жұмыстар атқарды.Елбасымыз қандайда  бағыт-бағдарларда тарсырмалар берсе де, біз оларды оындауда ең алдыңғы сапта жүрдік.  

 –Бар мәселе, жасалған жұмысты жеткізе білу барысында не айтар едіңіз?

-– Жұмысты атқара білу бар да,  оны ақпараттандыру бір басқа. Яғни, жасалған жұмысыңды қағаз, электрондық ақпараттық тәсілде жеткізе білу – жауапшылдық пен талапты қажет етеді. Айтар сөздің түйіні,  біздің байқауларда байқалуымыз жоғарда айтылғандарды талапқа сай орындаудың жемісі деп білемін.  

Берік Қуандықұлы,  күні кешегі абыройларыңды аспандатып, ауданның мерейін көтерген жеңістеріңіздің әсерін жеткізе кетсеңіз? 

 –Расында  Еліміздегі 6 мыңға жуық БПҰ-лар  арасынан жеңімпаз боламыз деген ойда бола қойған жоқ. Аталарымыз айтқан «Үмітсіз тек  шайтан» дегендей,   үміттенгенімізді несіне  жасырайық. Аудан халқына белгілі облыстық байқауда бірінші орын алып, республикалық байқауға жолдама алдық. Үздік партия ұйымы байқауының ережесіне байыланысты  100-ден  500-ге  дейінгі партия мүшелері бар санатта еңбегіміз бағаланып,  600-ден аса делегаттар қатысқан  бастауыш ұйымының форумында  2- орынға  ие болып, 500 мың теңгелік  сертификатты қолға алған сәтте толқыныста болдық. Біз толқыған жетістік аудан абыройын асқақтанқанынына риза болыстық. Жетістігіміз ізденістің жемісі,  барды барынша көрсете білгеннің  жеңісі.

Берік Қуандықұлы,  аудан халқы да сіздердің еңбектеріңізді зор ықыласпен бағалап, алғыстарын білдіріп,  мақтан тұтады.

 Жедел сұхбатты жүргізген  Бақыт Имашев

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған