
Бұл күндері Ақтөбе облысының аумағындағы республикалық маңызы бар жолдарды күтіп-ұстайтын «Қазақавтожол» жауапкершілігі шектеулі серіктесігі 57 бірлік техника мен 100-ге жуық жұмысшыны жұмылдырды. Ауа райының бұзылуы салдарынан облыс аумағындағы республикалық маңызы бар автожолдарда қалып қойған 8 жүк көлігі қар құрсауынан құтқарылған. Жексенбі күні түнгі патрульдік шолу кезінде Қосестек жол пайдалану пункті шебері К.Имашев Ақтөбе-Орск автожолының 85 шақырымында «Опель» маркалы жеңіл көліктің жолдан шығып кеткенін байқап, дереу жеткен. Жедел көмектің арқасында автокөлікте болған Өзбекстан Республикасының 3 азаматы және кәмелет жасқа толмаған 1 бала құтқарылды. Қазіргі таңда барлық бағытта жол ашық.
Облыс аумағы арқылы өтетін республикалық маңызы бар автожолдардың жай-күйін және жолдағы ауа райын білу үшін «Қазақавтожол» ЖШС Ақтөбе облыстық филиалының диспетчерлік қызметіне (8-777-554-32-07) хабарласып білуге болады.
С.ЖҰБАНҒАЗИН
Тағы да
Үйлерін су басқан Қаратал ауылының тұрғындары қазіргі жағдайын айтты
100 жаңа жоба көрмесінде ақтөбелік қолөнер шеберлері өз туындыларын ұсынды
Ақтөбелік әйел араб көйлегін алам деп алданып қалды