Март 21, 2023

«Aqtobe Media» ақпараттық-талдау агенттігі

Қобда ауданының орталығын су басты

13 наурызда Қобда ауданында қардың қарқынды еруі және далалықта еріген қар суы салдарынан Қобда ауылында 15 үй, 28 аула аумағы, денешынықтыру-сауықтыру кешенінің ғимараты, 1 кафе су астында қалды. Тұрғындар қауіпсіз жерге – эвакуациялық пунктке көшірілді, — деп хабарлайды AqtobeMedia.kz.
Қазіргі уақытта үйлердің аулаларын аралау жүргізілуде, қапшықтарды төсеу бойынша шаралар қабылдануда. 6 мың м3 астам еріген қар суы сорылды. Су тасқынына қарсы іс-шараларға 35 бірлік техника, 123 адам жұмылдырылды.Қобда ауданы Егіндібұлақ ауылына да еріген қар суы кірді. Тұрғын үйлер мен жеке қосалқы шаруашылықтарға қауіп жоқ.
Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері Ақтөбе қаласы мен аудандардан 1 514 өтінім қабылданып, барлығы пысықталды.
Бүгінгі таңда облыс бойынша барлығы 181 мың м3 астам еріген қар суы сорылды. 26,1 шақырым арық тазартылды, 4 972 м3 инертті материал әкелінді, 3 320 дана қап төселді, елдімекендерден 524,9 мың м3 астам қар шығарылды.