«16 жастағы қыздың жағдайы ауыр». Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын айтты
Ақтөбеде демалыс базасы аймағында қарда жүретін көлік қағып, зардап шеккендер ауруханада жатыр, — деп хабарлайды AkтobeMedia.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаевтың айтуынша, зардап шеккендердің ішінде 16 жастағы қыздың жағдайы ауыр. Қыздың жамбас сүйектері сынған. Өкпесіне зақым келген. Ал 16 жастағы екінші қыздың жағдайы орташа тұрақты. Миы шайқалған. Жақ сүйегі ішінен сынған. Травмотология бөлімінде ем алып жатыр.
Оқиғадан зардар шеккен бір жарым және бес жастағы екі баланың да да миы шайқалған. Жағдайлары бір қалыпты. Балалар травмотология бөлімінде ем алып жатыр. Ал 1974 жылы туған ер адам жедел жәрдем ауруханасында жатыр. Тұрғынның миы шайқалған. Кеуде сүйегіне зақым келген. Жіліншік сүйектері сынған. Науқастың жағдайы орташа тұрақты. Опареация жасалады.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қарда жүретін көлік демалыс базасының меншігінде емес. Демалуға келгендер көлікті өздерімен бірге алып келген. Яғни көлік жасөспірімнің туысына тиесілі екен. Қазіргі таңда полиция тергеу жүргізіп жатыр.
Еске сала кетейік AkтobeMedia.kz. бұған дейін жасөспірім қаржа жүретін көлікпен бір топ адамды қағып кеткенін жазған еді. Оқиғаның салдарынан бір әйел көз жұмған болатын.
Тағы да
Үйлерін су басқан Қаратал ауылының тұрғындары қазіргі жағдайын айтты
100 жаңа жоба көрмесінде ақтөбелік қолөнер шеберлері өз туындыларын ұсынды
Ақтөбелік әйел араб көйлегін алам деп алданып қалды