Олардың барлығына қазақстандық техникалық төлқұжат пен мемлекеттік нөмірлер берілді, деп хабарлайды «Ақтөбе Медиа».
Ақтөбе облысында шетелдік көліктерді заңдастыру басталғаннан бері 7800-ден астам өтініш түскен.
— Қазіргі таңда 3 072 өтініш алдын ала мақұлданды, 2 364 көлік иесі өз көлігін сәтті заңдастырды, — дейді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Полиция департаменті көлік иелері өткен жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінген жағдайда қазақстандық нөмірді ала алатынын еске салады. Бұл ретте ол тіркеуден шығарылуы және іздеуде болмауы, сондай-ақ қажетті кедендік рәсімдерден өтуі тиіс.
Заңдастыру 1 шілдеге дейін жалғасады.
Тағы да
Үйлерін су басқан Қаратал ауылының тұрғындары қазіргі жағдайын айтты
100 жаңа жоба көрмесінде ақтөбелік қолөнер шеберлері өз туындыларын ұсынды
Ақтөбелік әйел араб көйлегін алам деп алданып қалды