Март 21, 2023

«Aqtobe Media» ақпараттық-талдау агенттігі

Мұғалжар ауданы, Құмжарған ауылындағы мектеп құрылысы аяқталуда

Мектеп жақын күндері ашылады, деп хабарлайды Aqtobe Media ақпарат агенттігі.
Сондай-ақ, биыл Ырғызда және Т.Жүргенов ауылында дене шынықтыру және сауықтыру орталықтары іске қосылады.
Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нағымжан Алдияров өткен жылдың қорытындысы мен биылғы жоспарға тоқталды.
Оның айтуынша, 2022 жылы басқарма жалпы сомасы 38,7 млрд теңгені құрайтын 290 жобаны жүзеге асырған. Бүгінгі таңда 36,3 млрд теңге игерілді, 101 жобаның жобалық-сметалық құжаттамасы аяқталды. Оның 39-ы бойынша қорытындылар алынып, 62 жоба 2023 жылға ауыстырылды.
– Өткен жылы құрылыс-монтаж жұмыстары 107 пайызға, тұрғын үйлерді пайдалануға беру 106 пайызға орындалды. Сондай-ақ, жоспарланған 450 шақырым инженерлік желілердің орнына 800 шақырымнан астамы жүргізілді. Құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты мердігерлердің кінәсінен ауыстырылған жобаларды қоспағанда, барлық жобалар жоспарға сай жүзеге асырылуда. Олар Қобда ауданы Терісаққан, Мұғалжар ауданы Алтынды, Ырғыз ауданы Жарма ауылындағы т.б. Облыс әкімінің тапсырмасы бар, біз оны аяқтаймыз, – деді басқарма басшысы.
Атап өтейік, 2023 жылға жоспарланған 191 жобаға 40,1 млрд теңге бөлінген.