«Ақтөбе» футбол клубының ойыншылары мен жаттықтырушылар штабы алдындағы берешек толығымен өтелді, — деп хабарлайды Aqtobe Media. kz
Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Клуб өткен жылдың қазан айындағы жалақыны, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыны төлей алмай, қарызданған.
Облыс әкімі Ералы Тоғжановтың тікелей тапсырмасымен, жаттықтырушылар штабы мен ойыншыларға төленуі тиіс өткен маусымдағы қарыздарды өтеу үшін қаржылық мәселелерді шешу бойынша шаралар қабылданды.
Нәтижесінде футбол клубының былтырғы қарыздары толығымен жабылды. Қазіргі уақытта команда алдағы чемпионатқа дайындалып жатыр. Түркиядағы жаттығу жиындары штаттық режімде өтуде және команданы жасақтау аяқталуға жақын.
Тағы да
Үйлерін су басқан Қаратал ауылының тұрғындары қазіргі жағдайын айтты
100 жаңа жоба көрмесінде ақтөбелік қолөнер шеберлері өз туындыларын ұсынды
Ақтөбелік әйел араб көйлегін алам деп алданып қалды