Облыс аумағындағы «Самара — Шымкент» тас жолының бойында жол-көлік оқиғасы болды, — деп хабарлайды AqtobeMedia.kz
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға бүгін сағат 15:50-де аталған тас жолдың «Жазық» теміржол өткелінде болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, автотасығыш көліктің жүргізушісі өткелде бағдаршамның тыйым салу сигналынан өтіп, жұмыс пойызымен соқтығысқан.
Апат салдарынан автокөлік жүргізушісі жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.
Жол-көлік оқиғасының нақты себебі анықталып жатыр.
Тағы да
Үйлерін су басқан Қаратал ауылының тұрғындары қазіргі жағдайын айтты
100 жаңа жоба көрмесінде ақтөбелік қолөнер шеберлері өз туындыларын ұсынды
Ақтөбелік әйел араб көйлегін алам деп алданып қалды