Бүгін «Самара–Шымкент» автожолында 11 көлік соқтығысты, деп хабарлайды AqtobeMedia.kz
Келіңісіз жағдай тас жолдың Маржанбұлақ аулының маңында болған.Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға боранның салдарынан болған. Зардап шеккендер жоқ.
Ақтөбе облысы полицейлері жол қозғалысына қатысушыларды жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты және маневр жасау ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Көктайғақ жағдайында көлік құралдарының жүргізушілері кенеттен маневр жасамауы және бірден тежемеуі тиіс. Ал жаяу жүргіншілер жолдан өту кезінде жақындап келе жатқан автокөліктің жоқтығына көз жеткізуі керек.
Қазіргі уақытта Ақтөбе облысындағы барлық автожолдар жабық.
Тағы да
Үйлерін су басқан Қаратал ауылының тұрғындары қазіргі жағдайын айтты
100 жаңа жоба көрмесінде ақтөбелік қолөнер шеберлері өз туындыларын ұсынды
Ақтөбелік әйел араб көйлегін алам деп алданып қалды