Ақтөбеде №23 орта мектеп-лицейінен өрт шықты, — деп хабарлайды AqtobeMedia.kz
Ақтөбе қаласы Астана ауданы Сәтпаев көшесіндегі №23 орта мектеп-лицейінен өрт шықты. Тілсіз жау бүгін таңертең сағат 08:01-дің шамасында тұтанған. Хабар түскен бойда құтқарушылар тез жетті. Барлығы 53 құтқарушы мен 14 техника жұмылдырылды. Білім ордасының бірінші қабатындағы кабинет өртенген. Облыстық төтенше жағдай депертаментінің мәліметінше, болжам бойынша өрт қысқа тұйықталудан шыққан. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында мектеп лицейден 890 оқушы 60 ересек адам эвуакацияланды.
Зардап шекккендер жоқ. Өрт толық сөндірілді.
Тағы да
Үйлерін су басқан Қаратал ауылының тұрғындары қазіргі жағдайын айтты
100 жаңа жоба көрмесінде ақтөбелік қолөнер шеберлері өз туындыларын ұсынды
Ақтөбелік әйел араб көйлегін алам деп алданып қалды