Март 21, 2023

«Aqtobe Media» ақпараттық-талдау агенттігі

Ақтөбеде полиция қызметкерімін деп ақша бопсалаған жігіт ұсталды

Ақтөбеде жалған полиция қызметкері ұсталды, — деп хабарлайды

Қалада 17 жастағы жігіт кастет тауып алып, оны сатпақ болады. «ВКонтакте» қосымшасының «Сату және сатып алу» парақшасында жарнама орналастырады.
Сатып алушы хабарландыруға жауап беріп, кездесуге шақырады.
Кездесуде өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған жігіт «суық қаруды» сатқаны үшін ақша бопсалай бастаған. Қорқып кеткен жас жігіт ұялы телефонын ломбардқа салып, алаяққа 133 мың теңге берген.

Жедел іс-шараларды өткізу барысында 22 жастағы күдікті ұсталды.

ҚР ҚК 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.