Март 21, 2023

«Aqtobe Media» ақпараттық-талдау агенттігі

Ақтөбеде Ресей азаматы жалған көлік нөмірімен жүрген

«Қарабұлақ–Қостанай» тас жолын патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері Ресей азаматын ұстады, — деп хабарлайды AqtobeMedia.kz
Полиция қызметкерлері 36 жастағы Ресей азаматының басқаруындағы Mercedes-Benz автокөлігін тоқтатты. Жүргізуші жалған тіркеу нөмірлерін орнатқан.
Жүргізушіге қатысты КР ӘҚБтК-нің 590-бабы 3-бөлігі «Көлік құралына көрінеу жалған немесе жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін орнату» және КР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі «Көрінеу жалған немесе жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралын басқару» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Нөмірлік белгілер тәркіленді, автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды. Сот шешімі бойынша жүргізушіге айыппұл салынды, бір жыл мерзім жүргізуші құқығынан айырылды және бір тәулікке әкімшілік қамауға алынды.