Март 21, 2023

«Aqtobe Media» ақпараттық-талдау агенттігі

Ақтөбеде жасөспірім алаяққа сеніп ақшасынан айырылды

Ақтөбеде Қыдырәлі мен Қарақаттың атын пайдаланған алаяқ тұрғынды сан соқтырып кетті, — деп хабарлайды AqtobeMedia.kz.

Мәселен, 17 жастағы жасөспірім алаяқтардың осындай қулығына тап болған. Ол анасының телефонындағы «Instagram» қосымшасы арқылы «@kidirali_karakat» парақшасына кіреді. Онда эстрада жұлдыздары өткізді деген ұтыс ойынына қатысқан. Уақыт өте келе ұтыс туралы хабарлама келіп түскен және жүлдені алу үшін 12 мың теңге жарна төлеу қажет екендігі жазылған. Алаяқтарға сенген кәмелетке толмаған бала қаражатты аударып, ақшасынан айырылған. Облыстық полиция департамені тұрғындарға сақ болуды ескертеді.