Ақтөбе қалалық сотында моральдық зиянды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды., — деп хабарлайды AqtobeMedia.kz
Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, азаматша С 3 миллион теңге моральдық зиянды өндіру бойынша талаппен жүгінген. Азаматшаға кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айналысуға қатыстырды және кәмелетке толмағанды зорлауға көмектесті деген айып тағылған.
«Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен азаматша С- қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының болмағаны үшін ақталды. Оған қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тарту салдарынан келтірілген зиянды өтеу құқығы танылды» деген хабарламада.
Бірінші сатыдағы сот моральдық зиянды өтеу мөлшерін тағайындау кезінде талап қоюшының жеке басын, істің мән-жайын, адамгершілік азап шегу дәрежесін назарға алды және назар аударарлық мән-жайларды ескере отырып, әділдік, парасаттылық, жеткіліктілік өлшемдеріне сүйенді. Моральдық зиянды өтеу сомасын 2 000 000 теңге мөлшерінде айқындады.
Ақтөбе қаллық сотының 2023 жылғы 22 ақпандағы шешімімен талап ішінара қанағаттандырылып, республикалық бюджет қаражатынан талап қоюшының пайдасына 2 000 000 теңге сомасында моральдық зиянның өтемі өндірілді.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Тағы да
Үйлерін су басқан Қаратал ауылының тұрғындары қазіргі жағдайын айтты
100 жаңа жоба көрмесінде ақтөбелік қолөнер шеберлері өз туындыларын ұсынды
Ақтөбелік әйел араб көйлегін алам деп алданып қалды