Қайғылы оқиға кеше Самара-Шымкент тас жолының бойында болған, — деп хабарлайды AqtobeMedia.kz
21 ақпан күні Mitsubishi Montero Sport автокөлігінің жүргізушісі Самара-Шымкент автожолының 938 шақырымында қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып, қарсы бағытта келе жатқан Volvo жүк көлігімен соқтығысқан.
Mitsubishi автокөлігінің жүргізушісі, 29 жастағы әйел Әйтеке би ауданының ауруханасына жатқызылды, жолаушы 31 жастағы жұбайы және 2017, 2015 және 2020 ж.т. үш кәмелетке толмаған бала алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.
ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Тағы да
Үйлерін су басқан Қаратал ауылының тұрғындары қазіргі жағдайын айтты
100 жаңа жоба көрмесінде ақтөбелік қолөнер шеберлері өз туындыларын ұсынды
Ақтөбелік әйел араб көйлегін алам деп алданып қалды