Ақтөбеде араб көйлегін алмақ болған тұрғын сан соғып қалды, — деп хабарлайды AqtobeMeqia.Kz
Ақтөбе қаласы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын шағымданды. Жәбірленуші Instagram парақшасында өзін эксклюзивті Араб көйлектерінің дүкені ретінде көрсеткен алаяқтың құрбаны болғанын айтқан.
Ол Instagram әлеуметтік желісіндегі дүкеннің парақшасына көйлекті жалға алатынын айтып, 25 мың теңге алдын ала төлем аударады. Алайда ақша жібергеннен кейін дүкен менеджері байланысқа шығуды тоқтатқан. Нәтижесінде жәбірленуші ақшасыз және эксклюзивті көйлексіз қалған.
Ақтөбе облысы полицейлері тауарлар мен қызметтер үшін алдын ала төлем жасау талабы интернет –алаяқтықтың ең кең таралған схемаларының бірі екенін ескертеді. Тұтынушыларды алдын ала төлем жасауға келіспеуге шақырады. Сондай-ақ, қаржылық операцияларды жасамас бұрын, интернет-дүкен туралы пікірді зерттеп, сатушыдан өнімнің бейне шолуын жіберуді сұрау керек.
Тағы да
Үйлерін су басқан Қаратал ауылының тұрғындары қазіргі жағдайын айтты
100 жаңа жоба көрмесінде ақтөбелік қолөнер шеберлері өз туындыларын ұсынды
Ақтөбеде бопсалаумен айналысқан қылмыстық топты ұсталды