Март 21, 2023

«Aqtobe Media» ақпараттық-талдау агенттігі

Ақтөбелік келіншек жоқ аяқ киім үшін 90 мың теңге төледі

 

Ақтөбе қаласы полиция басқармасына жергілікті тұрғы интернет-алаяқтық фактісі туралы арызданды. Жәбірленуші Instagram парақшасында өзін интернет–дүкен ретінде орналастырған алаяқтың құрбаны болған.

Instagram әлеуметтік желісіндегі «pinko_premiata_kz» парақшасында жәбірленуші әйелдер аяқ киіміне тапсырыс беріп, 90 мың теңгеден астам мөлшердегі алдын ала төлемді аударған. Біраз уақыттан кейін сатып алушы бұғатталып, сатушы байланысқа түсуді тоқтатқан.

Ақтөбе облысының полицейлері тауарлар мен қызметтер үшін алдын ала төлем жасау талабы интернет –алаяқтықтың ең кең таралған схемаларының бірі болып табылатынын ескертеді және шынымен қолда бар тауар екеніне көз жеткізбей, пайдаланушыларды алдын-ала төлем жасауға келіспеуге шақырады, Сондай-ақ, қаржылық операцияларды жасамас бұрын, интернет-дүкен туралы пікірлерді зерттеп, сатушыдан өнімге бейне шолуды жіберуді сұрау керек.