Март 21, 2023

«Aqtobe Media» ақпараттық-талдау агенттігі

Ақтөбе облысы туризмі қолжетімді бестікке кіреді

Былтыр облысқа 24 919 шетелдік азамат келген, деп — хабарлайды AkтobeMedia.kz.
Облыстық кәсіпкерлік басқармасының мәліметінше, былтыр Ресей, Түркия, Қытай және тағы басқа елдерден азаматтар келген. Ақтөбеде қонақүйлерде бір күн қонып шығу 7 мың теңгеден аспайды. Яғни облыс туризмі арзан бестікке кіреді.
2021 жылмен салыстырғанда былтыр отандық туристердің саны 15,7 пайызға өскен. Былтыр облысқа 13, 4 миллиард инвестиция тартылған. Облыста алғаш рет ірі туристік экспедиция ұйымдастырылған. Екі ірі шара өткізілген.