Март 21, 2023

«Aqtobe Media» ақпараттық-талдау агенттігі

Ақтөбе облысында жемқор шенеуніктерден тәркіленген қаржыға салынған мектеп ашылды

Ақтөбе облысында жемқор шенеуніктерден тәркіленген қаржыға салынған мектеп ашылды

 

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Құмжарған ауылындағы 2019 жылдың басында аяқталуы тиіс орта мектеп бүгін пайдалануға берілді,-деп хабарлайды AktobeMedia.kz.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бастамасымен құрылысты аяқтау үшін «СПК-Ақтөбе» АҚ-ның бұрынғы басшылығына қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеру аясында өндірілген 150 млн теңге көлеміндегі қаражат жұмсалды.

Мектептің ашылуына Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысының міндетін атқарушы Есқали Саламатов, жергілікті атқарушы органдар мен жұртшылық өкілдері қатысты.

Еске сала кетейік

Құмжарған ауылында мектеп 2019 жылдың қаңтар айында ашылуы керек болатын.

Алайда, мердігер компанияның міндеттемелерін орындамауына және немқұрайлық танытуына байланысты мектеп іске қосылмаған.

 

Жалпы білім басқармасының мәліметінше, аудан орталықтары мен ауылдарда тұратын мектеп оқушыларының үздіксіз білім алуын қамтамасыз ету үшін 4 147 орындық білім ошақтарын салу қажет.