Ақтөбеде 260-қа жуық жеделсаты тұрғындар үшін қауіпті
Ақтөбеде 25 жылдан бері ауыстырылмаған жеделсатылар тұрғындар үшін қауіпті, — деп хабарлайды AqtobeMedia.kz
Астана қаласы ауданының әкімі Айбек Көпеновтың айтуынша, қалада 330 көпқабатты үй бар. Оларда 659 жеделсаты жұмыс істейді. Ал 25 жылдан бері тұрған 259 желесаты тұрғындар үшін қауіпті.
«2018 жылдан бастап Ақтөбе қаласының әкімдігі «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында жергілікті бюджет есебінен жеделсатыларды ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2018-2021 жылдары қалада 264,3 миллион теңгеге 34 лифт ауыстырылды. 2022 жылы 21 лифтті ауыстыруға 191 миллион теңге бөлінді», — деді Айбек Көпенов
Тағы да
Үйлерін су басқан Қаратал ауылының тұрғындары қазіргі жағдайын айтты
100 жаңа жоба көрмесінде ақтөбелік қолөнер шеберлері өз туындыларын ұсынды
Ақтөбелік әйел араб көйлегін алам деп алданып қалды