Март 21, 2023

«Aqtobe Media» ақпараттық-талдау агенттігі

Ақтөбеде 6 келіден астам есірткі сақтаған тұрғын ұсталды

Ақтөбеде 6 келіден астам есірткі сақтаған тұрғын ұсталды

Ақтөбеде есірткі сақтаған тұрғынның үстінен қылмыстық іс қозғалды, — деп хабарлайды AkтobeMedia.kz.
Бұл туралы Polisia.kz. сайты жазды. Облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері К.Нокин даңғылының бойында тұрғынды тоқтатады. 35 жастағы ер адамның қаласынан ішінде өсімдік тектес заты бар 4 қағаз байлам табылды. Сотқа дейінгі тергеу барысында ер адам тұрғылықты жері бойынша есірткі заттарын сақтайтынын айтқан.
Тұрғылықты жерін тінту барысында 105 қағаз орамасы бар екі полиэтилен пакет және сарайдан ішінде өсімдік тектес заты бар қап табылды.
Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған заттар жалпы салмағы 6 келіден асатын марихуана екені анықталды.
Осы факті бойынша ҚК-тің 297-бабының 1-бөлігі бойынша (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу, жөнелту немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

YouTube