Март 21, 2023

«Aqtobe Media» ақпараттық-талдау агенттігі

Ақтөбеде қаңтар оқиғасына қатысқандарға үкім шықты

Ақтөбеде қаңтар оқиғасына қатысқандарға үкім шықты

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қаңтар оқиғасына қатысқан 18 адам үкім шығарды, — деп хабарлайды AkтobeMedia.kz.
Қаңтар оқиғасынан кейін қозғалған қылмыстық іс бойынша сотталушылардың басым бөлігі кінәсін мойындамады. Олар бейбіт митингке шыққанын, тәртіпсіздікке қатыспағанын айтты. Алайда олардың кінәсі жәбірленушілердің, куәгерлердің айғақтарымен, сот-медициналық және басқа да сарапталамалардың қорытындылары, бейнежазбалармен дәлелденді.
Тәртіпсіздіктерге қатысқаны дәлелденбегені үшін екі адам ақталып, сот залынан босатылды. Ал қалған 16 адамға бас бостандығынан айыру және шартты түрде бас бостандығынан айыру түріндегі түрлі жаза тағайындалды. Оның ішінде бір адамға 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол «Құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қол сұғу», (ҚК-нің 380-1-бабының 2-бөлігінің 1.5-тармағы), «Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу» (ҚК 272-бабының 2-бөлігі) бойынша кінәлі деп танылды.
Ал қалған сотталушылар тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін кінәлі деп танылды. Оларға шартты түрде 9 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Жазасын өтеу мерзімі қамауға алған күндермен есептелгендер сот залынан босатылды.
Сондай-ақ бір адам 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.