Ақтөбеде аса ірі көлемде есірткі сатумен айналысқан тұрғын ұсталды
Ақтөбеде синтетикалық есірткілерді сатқан тұрғынның үстінен іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр, — деп хабарлайды AkтobeMedia.kz.
Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. Агенттіктің Ақтөбе облысы бойынша департаменті облыстық прокуратурамен бірлесіп, есірткі және психотроптық заттарды аса ірі көлемде сақтау және өткізу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр.
Қаржылық барлаудың талдамалық материалдары негізінде жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, есірткінің түрлерін, оның ішінде синтетикалық есірткілерді аса ірі көлемде сатумен айналысқан Ақтөбе қаласының тұрғыны анықталды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде қылмыс үстінде ұсталып, тұрғылықты жерінде тінту жұмыстары жүргізілді. Одан «Alfa-PVP» синтетикалық есірткі заты, кокаин және каннобиноидты топтың есірткі заттары табылып, тәркіленді.
Аталған азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді.
Тағы да
Үйлерін су басқан Қаратал ауылының тұрғындары қазіргі жағдайын айтты
100 жаңа жоба көрмесінде ақтөбелік қолөнер шеберлері өз туындыларын ұсынды
Ақтөбелік әйел араб көйлегін алам деп алданып қалды