Март 21, 2023

«Aqtobe Media» ақпараттық-талдау агенттігі

Ақтөбеде биыл 2600 бейнекамера орнатылады

Ақтөбеде биыл 2600 бейнекамера орнатылады

Бұл туралы қала әкімі Мұрат Жөребеков халықпен есеп беру кездесуінде айтты, — деп хабарлайды Aqtobe Media.
Қала басшысының айтуынша, алдағы уақытта аялдамаларда автобус бағыттары туралы ақпарат жазылған электронды таблолар орнатылады. Бұзушылықтың алдын алу үшін жақын жерде бейнекамералар орнатылады.
«Электронды таблосы бар жылы аялдамалар орнатуға назар аударамыз. Камералар санының аздығынан (208) вандализм жағдайлары орын алуда. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша биыл қалада 2600 камера орнатылады», — деді Жөребеков.