Ақтөбеде бренд киім сатып алмақ болған тұрғын сан соғып қалды
Ақтөбеліктерді интернет арқылы бренд киім сатамыз деп сан соқтырып кететін алаяқтар көбейген, — деп хабарлайды AkтobeMedia.kz
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, соңғы кезде әлеуметтік желіжде жалған парақша ашып, алаяқтықпен айналысатындар көбейген. Мәселен, сондай алаяқтың бірі әйгілі «@pinko_premiata_kz» брендімен жасырынып, әлеуметтік желіде жалған парақша ашқан.
Жалған парақша сатып алушыға күдік туғызбайды. Онда банк карточкасы, бренд туралы толық ақпарат, сурет, логтоип бар. Тіпті тауарды жеткізу, қайтару туралы да мәлімет бар. Олар алушы күдік тудырмас үшін барынша әрекет етеді. Мәселен, сатып алушы кеңесші мен мессенджер арқылы байланысады. Ол тауардың артықшыларын айтып, 100 пайыз төлем жасау керектігін айтады. Содан кейін зат5-7 күннің ішінде міндеттітүрде жететінін айтып, уәде береді. Бірақ, ақыр соңында, сатушы байланысқа шықпайды.
Облыстық полиция департаменті онлайн сатып алу кезінде алдын ала төлемді жіберуге асықпауға кеңес береді. Алдымен тауардың бар екеніне және оның сапасына көз жеткізу керек, сондай-ақ интернет-дүкенге қатсты тұтынушылардың пікірін білу қажет. Сатушыдан тауарды бейне қоңырау арқылы көрсетуін сұрау керек. Осылайша онлайн дүкеннің жалған емесіне көз жеткізген жөн.
Тағы да
Үйлерін су басқан Қаратал ауылының тұрғындары қазіргі жағдайын айтты
100 жаңа жоба көрмесінде ақтөбелік қолөнер шеберлері өз туындыларын ұсынды
Ақтөбелік әйел араб көйлегін алам деп алданып қалды