Март 21, 2023

«Aqtobe Media» ақпараттық-талдау агенттігі

Ақтөбеде екі бопсалаушы ұсталды

Полицейлерге қала тұрғыны бейтаныс екі адам қорқытып көлігін тартып алғанын және екі миллион теңге талап еткенін айтқан — деп хабарлайды Aqtobe Media.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыс бойынша ҰҚКД-дағы әріптестерімен бірлесіп ақшаның бір бөлігін аударып жатқан кезде бопсалаушыларды ұстады. Ұсталған 23 және 29 жастағы азаматтардың бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотты болғаны анықталды.
Сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер түрмеге қамалды.