Ақтөбеде іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
Ақтөбелік полицейлер іздеуде жүрген Өзбекстан елінің азаматын ұстады, — деп хабарлайды Aqtobe Media ақпараттық агенттігі.
Ақтөбелік полицейлер 11 қаңтарда ұялы телефонды сатқан ер адамды тоқтатты. Ол өзін Д.А. Пушкинмін деп таныстырды. Алайда өзімен бірге құжаты болмаған. Азаматтың жеке басын анықтау үшін Ақтөбе қалалық полиция бөліміне жеткізілді. Деректерді есепке алу базасынан ол адам туралы дерек табылмады.
Жедел іздестур барысында ер адамның 36 жастағы И.В. Шевченко есімді Өзбекстан азаматы екені анықталды. Оның Өзбекстанда көлік ұрлағаны және Шымкентте кісі өліміне қатысты іс бойынша республикалық іздеуде жүргені белгілі болды.
Қаңтар айының басында бір топ адаммен бірге ұрлық жасау үшін Шымкент тұрғынының үйіне кіреді. Қарақшылар үй иесіне дене жарақатын салады. Азамат алған жарақатынан көз жұмады. Іздеуде жүрген И.В. Шевченко ҚК-тің 128, 131-баптары бойынша уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Дерек көз:Polisia.kz
Тағы да
Үйлерін су басқан Қаратал ауылының тұрғындары қазіргі жағдайын айтты
100 жаңа жоба көрмесінде ақтөбелік қолөнер шеберлері өз туындыларын ұсынды
Ақтөбелік әйел араб көйлегін алам деп алданып қалды