Март 21, 2023

«Aqtobe Media» ақпараттық-талдау агенттігі

Ақтөбеде көлікті алып-сату бойынша қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар ұсталды

Ақтөбеде көлікті алып-сату бойынша қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар ұсталды

Ақтөбеде көлікті алып-сату схемасы бойынша қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар ұсталды, —деп хабарлайды AkтobeMedia.kz.
Қылмысты ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаментінің қызметкерлері өңірлік прокуратура және ҰҚКД-мен бірлесіп, Астана қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің көмегімен анықтады.
«Auto Seller» ЖШС ломбард кейпіндегі қаржылық пирамида өткен жылдың наурыз айынан бастап жұмыс жасаған. Материалдық залал сомасы — 300 миллион теңге.
Ломбард қызметкерлері автокөлік иелеріне (тіркеу есебіне қарамастан) көліктерін жоғары бағамен сатып алған. Нотариалды куәландырылмаған, ресми тіркелмеген, бөліп төлеуді көздейтін, сатып алу-сату шарттарын жасасқан. Содан кейін көліктер үшінші тұлғаларға төмен бағамен сатылып, түскен ақша өз мүлкін сатқысы келетін келесі салымшыларға төленген.
«Auto Seller» ЖШС –ның заңды мекен-жайын тінту кезінде техника, заңсыз қызметке қатысты құжаттама, діни сипаттағы әдебиеттер және банк карталары тәркіленді.
Соттың шешімі бойынша күдікті азаматтар екі айға қамауға алынды.
Дерек көз: inform.kz