Март 21, 2023

«Aqtobe Media» ақпараттық-талдау агенттігі

Ақтөбеде шенеуніктер жерді бизнеске жалға беруді негізсіз кешіктірген

Ақтөбеде шенеуніктер жерді бизнеске жалға беруді негізсіз кешіктірген
Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақтөбе қаласында жер учаскелерін жалға алу мерзімдерінің өтініштерін қараудың негізсіз кешіктірілгенін анықтады, — деп хабарлайды AkтobeMedia.kz.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, Ақтөбе қаласының жер қатынастары бөліміне 2022 жылдың қарашасынан бастап, қазіргі уақытқа дейін жергілікті кәсіпкерлерден бұрын берілген жер учаскелерін жалға беруді ұзартуға 30 өтініш түскен.
Қала кәсіпкерлері міндеттері дұрыс орындалған және жер учаскесінің шекаралары өзгермеген жағдайда, учаскелерді жалдау шартын жаңа мерзімге ұзартуға толық құқылы болды.
Алайда жер қатынастары бөлімі адал бизнесті жүргізуге жасанды кедергі жасаған.
Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әкімдікке әкімшілік кедергілерді жою бойынша ұсыныстар енгізді. Содан кейін өтініш білдірген кәсіпкерлер үшін жер учаскелерін жалға беруді ұзарту мақұлданды.