Март 21, 2023

«Aqtobe Media» ақпараттық-талдау агенттігі

Ақтөбеде тұрғынды қорқытып 15 миллион теңге бопсаламақ болған адам ұсталды

Ақтөбеде тұрғынды қорқытып 15 миллион теңге бопсаламақ болған адам ұсталды

Ақтөбеде тұрғынды қорқытып оңай олжаға кенелмек болған адамның арам ойы іске аспады,-деп хабарлайды AktobeMedia. Kz

Облыстық полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ірі ақша сомасын бопсалаушыны ұстады.
Қаңтар айының соңында полицияға Ақтөбе қаласының тұрғыны белгісіз адам дене жарақатын салып қорқытып, 15 миллион теңге бопсалағаны туралы арызданды.
Жедел іс-шараға арнайы бөлімшенің жауынгерлері және ҰҚҚКБ қызметкерлері тартылды. Олар 34 жастағы ер адамды анықтап, оны жәбірленушіден ақшаны бір бөлігін алып жатқан кезде ұстады.
Күдіктінің 2022 жылдың соңында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаны, сол жерде осындай қылмысы үшін жазасын өтегені анықталды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 194-бабы 3-бөлігі бойынша «Ірі көлемде бопсалау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті тергеу изоляторына қамалды.