Март 21, 2023

«Aqtobe Media» ақпараттық-талдау агенттігі

Ақтөбеде Төтенше жағдай министрлігінің әскери бөлімі ашылады

Ақтөбеде Төтенше жағдай министрлігінің әскери бөлімі ашылады

Ақтөбеде Төтенше жағдайлар министрлігінің жаңа әскери бөлімі құрылды, — деп хабарлайды AkтobeMedia.kz.
Бұған дейін мұндай бөлімдер Қарағанды, Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарында ашылды.
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың сөзінше, бүгінгі таңда Қазақстанда су басуға қарсы жұмыстар жалғасып жатыр. Ал жазда өрт қауіпі арта түседі.
“Бұл оқиғалардың барлығы бізді әртүрлі жағдайларға дайын болу үшін жедел әрекет ету күштерін ұлғайтып, оларды тиісті жабдықтармен қамтамасыз ету ісіне баса көңіл бөлуге мәжбүрлеп отыр. Осыған байланысты ҚР Үкіметі “Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері туралы” қаулы қабылдады. Құжатқа сәйкес, Қазақстанда ТЖМ-нің жаңа әскери бөлімі құрылып отыр. Ол Ақтөбе қаласында орналасады. Жаңа бөлімнің штаты – 880 адам”, – делінген хабарламада.
Премьер-министр мұндай бөлімдердің еліміздің батысында болмағанын атап өтті.
“Бұдан басқа, ТЖМ қызметтерінің штат саны, атап айтқанда, өрт сөндіру бөлімшелері 380 адамға, құтқару станциялары 220 адамға, Апаттар медицинасы орталығы 94 адамға, “Қазселденқорғау” мекемесі 39 адамға көбейді. Жалпы ТЖМ қатары 1 613 адаммен толықты”, – деп атап өтті ҚР Премьер-министрі Ә. Смайылов