Март 21, 2023

«Aqtobe Media» ақпараттық-талдау агенттігі

Ақтөбеде қыздар жігітті қорқытып, несие рәсімдеткен

Ақтөбеде қыздар жігітті қорқытып, несие рәсімдеткен

Ақтөбеде екі қыз бен жігіт тұрғынды бопсалап, оңай ақша тапқысы келген, — деп хабарлайды AkтobeMedia.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға ақпан айының басында болған. Полиция бөлімшесіне 25 жастағы жігіт арызданады. Оның айтуынша, бейтаныс екі қыз бен жігіт қорқытып, ұялы телефонын тартып алған. Онысымен қоймай мобильді қосымша арқылы 500.000 теңге сомасына онлайн несие рәсімдеген.
Полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен 1991 және 1985 жылғы екі қызды және 1991 жылғы жігітті анықтап, ұстады.

Ұрланған ұялы телефон тәркіленді. ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлігі «Бопсалау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.