Ақтөбеде жүргізуші кәмелетке толмаған баланы қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен.
Оқиға Батыс-2 шағын ауданындағы Тәуелсіздік даңғылының бойында болған. Кешкі уақытта белгісіз автокөліктің жүргізушісі 12 жастағы баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру кезінде Opel Astra автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісін ұстады. Көлік арнайы тұраққа қойылды.
Жүргізушіге қатысты ӘҚБтК-тің 610-611 бабтарының 2-бөлігі бойынша әкімішілік іс қозғалды. Ал жасөспірім бала медициналық тексерулерден кейін үйіне қайтарылды.
Дереккөз: Polisia.kz
Тағы да
Ақтөбеде жасөспірім алаяққа сеніп ақшасынан айырылды
БОМБА ҚОЙЫЛҒАНЫ ТУРАЛЫ ЖАЛҒАН АҚПАРАТ БЕРГЕН ОҚУШЫ ҰСТАЛДЫ
Шалқарда болған жол апатынан екінші оқушы көз жұмды