Ақтөбеде жасөспірім қарда жүретін көлікпен бір топ адамды қағып кетті.
Қайғылы оқиға бүгін болды,- деп хабарлайды AktobeMedia.kz.
Бүгін түстен кейін қала іргесіндегі демалыс базасының аумағында 2007 жылы туылған кәмелетке толмаған азамат қарда жүретін Lynx автокөлігін жүргізіп келе жатып, қар сырғымасының жанында тұрған бір топ адамды қағып кетті.
Салдарынан 40 жастағы әйел көз жұмды. Ал 49 жастағы ер адам мен бес кәмелетке толмаған бала, оның ішінде бір жастағы бала бар, барлығы медициналық мекемеге жатқызылды.
Аталған факті бойынша Ақтөбе облысы Полиция департаменті тексеру жүргізіп жатыр.
Дереккөз:Polisia.kz
Тағы да
Үйлерін су басқан Қаратал ауылының тұрғындары қазіргі жағдайын айтты
100 жаңа жоба көрмесінде ақтөбелік қолөнер шеберлері өз туындыларын ұсынды
Ақтөбелік әйел араб көйлегін алам деп алданып қалды