Ақтөбе облыстық фтизиопульмонологиялық орталығының автопаркі екі жаңа автокөлікпен толықты, — деп хабарлайды AkтobeMedia.kz.
Көлікті «ЦентрКредит» Банкі сатып алып берді. Жаңа көліктер шалғай ауылдарды аралауға, науқастарды тасымалдауға қолданылады. Жалпы аталған емдеу орталығы 1947 жылдан бастап жұмыс істейді. Орталықта 450-ден астам дәрігер бар. Облыстың денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Б. Ізбасаров банк өкілдеріне алғысын айтты.
—Туберкулез әлеуметтік маңызды және аса қауіпті жұқпалы ауру. Бұл инфекцияны жеу үшін жан-жақты ұйымдастырылған көмек қажет. Біз банк ұжымына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз, — деді орталық басшысы Ерлан Тәтімов.
Тағы да
Үйлерін су басқан Қаратал ауылының тұрғындары қазіргі жағдайын айтты
100 жаңа жоба көрмесінде ақтөбелік қолөнер шеберлері өз туындыларын ұсынды
Ақтөбелік әйел араб көйлегін алам деп алданып қалды