Ақтөбелік студент Норвегияда өтетін фестивальге Қазақстан атынан қатысады
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Шетел тілі» мамандығы бойынша 4 курста оқитын Меруерт Өтембет Норвегияда өтетін фестивальге қатысады, — деп хабарлайды AkтobeMedia.kz
Болашақ филолог елімізді Норвегияда өтетін ISFiT Халықаралық студенттер фестивалінде таныстырады. Айта кету керек, бұл — екі жылда бір рет өткізілетін барлық мамандықтағы студенттерге арналған әлемдегі ең үлкен тақырыптық студенттер фестивалі. Осы жылы ISFiT командасы 3000 үміткердің ішінен қатысушыларды мұқият іріктеді.
Іріктеуден өткен әлемнің түкпір-түкпірінен келген 400-ге жуық студент Норвегияның Тронхейм қаласында кездесіп, бірегей халықаралық тәжірибе жинайды. Екі апта ішінде студенттер диалог алаңдарында жаһандық мәселелерді талқылап, шешімдерін іздейді. Бұл фестивальдің тақырыбы: «Мәдени және әлеуметтік поляризация». Фестиваль тақырыбы әр жылдары өзгеріп отырады, бірақ халықаралық күн тәртібінің әлеуметтік және саяси аспектілерімен байланысты.
ISFiT фестивалі 9-19 ақпан аралығында өтеді.
Тағы да
Үйлерін су басқан Қаратал ауылының тұрғындары қазіргі жағдайын айтты
100 жаңа жоба көрмесінде ақтөбелік қолөнер шеберлері өз туындыларын ұсынды
Ақтөбелік әйел араб көйлегін алам деп алданып қалды