Ақтөбеліктер компания аумағынан қосалқы бөлшектерді алып кеткен
Покровка-Жаңажол тас жолында полицейлер «ГАЗель» көлігін тоқтатты. Көлікті 25 жастағы жігіт басқарып, қасында екі жолаушы болған, — деп хабарлайды Aqtobe Media Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Тексеру кезінде КамАЗ көлігінің салоны, 300 литрлік бос бак және дөңгелектер табылды. Жүргізушіде жүк көлігінің бөліктеріне құжаттары болмаған.
Бөлшектер Кеңқияқтағы арнайы техникаларды тасымалдаумен айналысатын ЖШС аумағынан заңсыз шығарылғаны анықталды.
Келтірілген шығын есептелуде. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
Тағы да
Үйлерін су басқан Қаратал ауылының тұрғындары қазіргі жағдайын айтты
100 жаңа жоба көрмесінде ақтөбелік қолөнер шеберлері өз туындыларын ұсынды
Ақтөбелік әйел араб көйлегін алам деп алданып қалды