Март 21, 2023

«Aqtobe Media» ақпараттық-талдау агенттігі

Ақтөбенің 684 тұрғыны көлігін заңдастырды

Облыста рәсім басталғалы 3300 өтініш келіп түскен, деп хабарлайды Aqtobe Media облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Мақұлданғаны 934 өтініш. Алты жүзден астам көлік иелері қазақстандық техникалық төлқұжаттар мен нөмірлер алды.
Арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы дүйсенбіден сенбіге дейін таңғы 9-дан кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді. Осы кестеге сәйкес келушілерді 6 ақпанға дейін қабылдайды.
Еске салайық, заңдастыру 1 шілдеге дейін жалғасады.