Март 21, 2023

«Aqtobe Media» ақпараттық-талдау агенттігі

Ақтауда үстіне диван құлаған жігіттің омыртқасы ауыстырылды

Ұлттық нейрохирургия орталығының мамандары үстіне диван құлаған жігітке күрделі ота жасады, — деп хабарлайды AkтobeMedia.kz.
Бұл туралы жергілікті lada.kz сайты жазды.
—Науқастың омыртқасы толықтай имплантпен алмастырылды. Жұлынды қысып тұрған бөлшектер алынып, жұлын босатылды. Операциядан кейінгі жағдайы бірқалыпты тұрақты ауыр. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр, — деді облыстық аурухананың нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Думан Мырзабеков.
Дәрігерлер жақын арада науқасты бөлімшеге ауыстыруды жоспарап отырғандарын айтты.
Еске сала кетейік қаңтар айының ортасында Ақтау қаласының 39 жастағы тұрғынының үстіне көпқабатты үйдің терезесінен диван құлап кеткен еді. Ер адам ауыр жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Мойын омыртқасы сынып, жұлынына зақым келді.

Полиция аталған дерек негізінде «Абайсызда денсаулыққа зиян келтіру» бабы бойынша іс қозғады.