Алға ауданы Сембай ауылында дәрігерліәк амбулатория ашылды, — деп хабарлайды AqtobeMedia.kz
Самбай ауылының Қарағаш ауылдық округінде өңір басшысы Ералы Тоғжанов дәрігерлік амбулаторияның ашылуына қатысты. Жаңа медициналық мекеме ғимаратының жалпы ауданы – 400 шаршы метр. Амбулатория бір ауысымда 40 адамды қабылдауға қауқарлы. Нысанды салуға және жарақтандыруға мемлекет 136 млн. теңге бағыттады.
Ералы Тоғжанов Мемлекет басшысының тапсырмасымен өңірлерде ауылдық аумақтарды дамыту, сапасын жақсарту, халықтың әл-ауқатын арттыру, медициналық қызметтерге қолжетімділікті кеңейту бойынша шаралар қабылданып жатқанын атап өтті. Сапалы медициналық көмек көрсету үшін Хромтау, Мұғалжар және Шалқар ауруханаларын заманауи жабдықтармен қамтуды жоспарлап отырмыз. Олар ауданаралық деңгейде болады. 29 ауылда заманауи медициналық мекемелер салынады.
«134 ауылдық округ «фельдшер сөмкелерімен» қамтамасыз етіледі. Бұл арнайы планшеттен және сегіз түрлі анализатордан тұратын инновациялық портативті медициналық жабдық, оның көмегімен пациенттің орналасқан жерінде электрокардиограмма, спирометрия, жалпы және кеңейтілген қан анализі сияқты зерттеулер жүргізуге болады. Диагноз қою, одан әрі емдеу тактикасын анықтау үшін барлық деректер дереу қашықтықтағы білікті дәрігерлерге жіберіледі. Сіздің округіңізде 1500-ден астам адам тұрады, амбулатория да жобаға кіруі тиіс»,-деп облыс әкімі денсаулық сақтау басқармасының басшылығына ауылдық амбулаториялардың материалдық-техникалық базасын нығайту мәселесін қарауды тапсырды.
Тағы да
Үйлерін су басқан Қаратал ауылының тұрғындары қазіргі жағдайын айтты
100 жаңа жоба көрмесінде ақтөбелік қолөнер шеберлері өз туындыларын ұсынды
Ақтөбелік әйел араб көйлегін алам деп алданып қалды