Март 21, 2023

«Aqtobe Media» ақпараттық-талдау агенттігі

Алғада электр станциясы отқа оранды

Алғада электр станциясы отқа оранды
Алғада электр станциясы өртенді, деп хабарлайды AkтobeMedia.kz
Алғада Айымбетов көшесіндегі электр станция отқа оранды. Өрт бүгін таңертеңгі уақытта шыққан.
Қызыл жалын 10 сағатта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ . Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Аудан әкімінің орынбасары Арман Бошановтың айтуынша, қала мен 7 ауылдық округте электр жарығы жоқ. Яғни 4 686 үй жарықсыз қалды.
Ал аудан әкімінің орынбасары Арман Бошановтың мәліметінше, аудан мен облыс орталығынан келген мамандар жұмыс жүргізіп жатыр.
—Жарық сөнген бойда қосымша генераторлар іске қосылды. Қала мен елді мекендердегі әлеуметтік нысандардағы қазандықтарға қуат берілді. Жылу жүйесі қатып қалмас үшін уақытша қосып отырмыз. Ал жарық бір сағаттың ішінде толық беріледі,— деді Арман Бошанов.