Анасымен ұрысып үйінен кетіп қалған студент Оралдан табылды
Ақтөбеде жоғарғы оқу орындарының бірінде оқитын студент үйінен қашып кеткен, — деп хабарлайды AkтobeMedia.kz
Облыстық полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 6-шы ақпан күні болған. Жоғарғы оқу орнының бірінде 2-курста оқитын студент жоғалып кеткен. Ата-анасы полиция бөлімшесіне арыз түсірді. Жедел іздеу тобы құрылды. Студенттің достары мен қатарластарынан сұрақ алынды. Алайда жасөспірімнің қайда жүргенін анықтау мүмкін болмады. Ал 8 ақпан күні полиция қызметкерлері студент БҚО-да болуы мүмкін деген ақпарат алды. Жаспсөірім Орал қаласынан табылды. Ол үйдегі жанжалдан кейін жұмыс істеу үшін Оралға кетіп қалған. Кәмелетке толмаған бала әкесіне берілді.
Тағы да
Ақтөбеде жасөспірім алаяққа сеніп ақшасынан айырылды
БОМБА ҚОЙЫЛҒАНЫ ТУРАЛЫ ЖАЛҒАН АҚПАРАТ БЕРГЕН ОҚУШЫ ҰСТАЛДЫ
Шалқарда болған жол апатынан екінші оқушы көз жұмды