Қарғалы ауданында газ баллоны жарылып екі адам ауруханаға түсті
Қарғалы ауданы, Петропавл ауылында жеке үйде газ баллоны жарылды, — деп хабарлайды AktobeMedi.kz.
Ауылдың Гагарин көшесіндегі жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылды.
Оқиға орнына 2 құтқарушымен 1 бірлік техника жіберілді.
Құтқарушылар барған кезде жеке тұрғын үйде 5 литрлік газ баллонының, газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан, үйдің қабырғалары бүлініп, өрт шыққаны анықталды.
Үй иелерінің көршілері өртті құтқарушылар жеткенше өз күштерімен сөндіріп үлгерген.
Жарылыс толтырылған газ баллонды салқын жерден жылы жерге (жылы еденге) кіргізу кезінде газ ауа қоспасының көбеюі салдарынан орын алған.
Жарылыс салдарынан 1952 жылы туылған ер адаммен 1928 жылы туылған әйел адам облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді.
Тағы да
Үйлерін су басқан Қаратал ауылының тұрғындары қазіргі жағдайын айтты
100 жаңа жоба көрмесінде ақтөбелік қолөнер шеберлері өз туындыларын ұсынды
Ақтөбелік әйел араб көйлегін алам деп алданып қалды