Қазақстандық құтқарушылар Газиантептегі үйінді астынан үш адамды аман-есен шығарып алды
Түркияда біздің елдің құтқарушылары күні-түні жұмыс істеп жатыр,-деп хабарлайды AkтobeMedia.kz
Бұл туралы еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Біздің құтқарушылар Газиантептегі құлаған тоғыз қабатты үйдің қирандыларының астынан бір қарт адам мен екі жас жігітті шығарып алды.
Оларды Түркиялық әріптестеріне тапсырды. Құтқарушылар үздіксіз жұмыс істеп жатыр.
Адамдарды анықтау үшін кинологиялық есептоптар және арнайы іздеу құралдары белсенді түрде тартылды.
Тағы да
Үйлерін су басқан Қаратал ауылының тұрғындары қазіргі жағдайын айтты
100 жаңа жоба көрмесінде ақтөбелік қолөнер шеберлері өз туындыларын ұсынды
Ақтөбелік әйел араб көйлегін алам деп алданып қалды