Қазақстандық құтқарушылар мінген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына қонды
Түркияға аттанған қазақстандық құтқарушылар аман-есен жетті, — деп хабарлайды AkтobeMedia.kz.
Бұл туралы еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында жариялады.
Министрліктің мәліметінше, келесі қадам —техника мен жабдықтарды түсіру, жергілікті билікпен бірге өзара іс-қимыл жасау. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін арнайы учаске бекітіледі.
Еске сала кетейік Президент Үкіметке Түркияға шұғыл көмек көрсетуді тапсырған еді.
Тағы да
Үйлерін су басқан Қаратал ауылының тұрғындары қазіргі жағдайын айтты
100 жаңа жоба көрмесінде ақтөбелік қолөнер шеберлері өз туындыларын ұсынды
Ақтөбелік әйел араб көйлегін алам деп алданып қалды