Март 21, 2023

«Aqtobe Media» ақпараттық-талдау агенттігі

Бағдарламаға қатысып, кәсібін бастады

Әйтеке би ауданында мемлекеттік қолдау ретінде жүзеге асырылып жатқан түрлі бағдарламаларға қатысып жатқан тұрғындар қатары көбейіп келеді, — деп хабарлайды деп хабарлайды AkтobeMedia.kz..

Солардың бірі Құмқұдық ауылының, тұрғыны, көп балалы ана Қалия Айхожаева.

Бұған дейін ол тігін ісімен үйінде отырып, айналысқан болатын. Өз шаруасын жүйелі жүргізу үшін “Бастау-Бизнес” бағдарламасына қатысып, қайтарымсыз грантқа ие болды. Сол қаржыға қажетті құрал-жабдықтарын сатып алып, әкімдіктен жалға бөлме алып, ателье ашты.