Облыста төрт мыңға жуық әке өз балаларына алимент төлегісі келмейді, — деп хабарлайды AqtobeMedia.Kz
Облыстық көші-қон басқармасының мәліметінше, олардың қарызы 300 миллион теңгеге жуық. 280 борышкердің мекен-жайы анықталып, сот орындаушыларына берілген. Ал 200-ге жуық адамның тұрғылықты жері анықталмай отыр. Олар еліміздің өзге өңірлерінде тіркеусіз жүрген болуы мүмкін.
Еліміздің Әділет министрі Азамат Есқараев ақтөбеліктермен кездесуде, алимент бойынша борышкерді әкімшілік, қылмыстық жауапкершілікке, оның ішінде 5 тәулікке дейін қамауға алуға, 2 жылға дейін бас бостандығынан айыруға болатынын мәлімдеді.
Егер баланың әкесі алимент төлей алмаса немесе төлеуден бас тартса, онда бұл міндет сот арқылы оның ата-анасына жүктелуі мүмкін.
Елімізде әйелдер бұрынғы күйеуінің ата-анасын алимент өндіру үшін сотқа берген жағдайлар тікелді. Біздің облыста осындай үш жағдай тіркелген. Алайда сот олардың талап-арызын қанағаттандырудан бас тартты.
Өткен жылы 502 алимент төлемеген 502 ақтөбелік әкімшілік жазаға тартылған. Сот шешімі бойынша 92 адамның елден шығуына тыйым салынған. Жалпы республика бойынша 16 671 қазақстандықтың елден шығуына тыйым салыныпты.
Тағы да
Үйлерін су басқан Қаратал ауылының тұрғындары қазіргі жағдайын айтты
100 жаңа жоба көрмесінде ақтөбелік қолөнер шеберлері өз туындыларын ұсынды
Ақтөбелік әйел араб көйлегін алам деп алданып қалды