Март 21, 2023

«Aqtobe Media» ақпараттық-талдау агенттігі

«Балта мен пышақ әкелген»: СҚО-да мектепте оқушыларға шабуыл жасалды

«Балта мен пышақ әкелген»: СҚО-да мектепте оқушыларға шабуыл жасалды

Әлеуметтік желіде Петропавл мектептерінің бірінде оқушыларға шабуыл жасалғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Жағдайға қатысты Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы ресми сайтында пікір білдірді деп хабарлайды AkтobeMedia.kz.
«Тоғызыншы сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ әкеліп, дәретханада маска тағып, дәлізге шығып үш оқушыны жарақаттаған», — делінген желідегі жазбада. Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының ақпаратынша, 13 ақпан күні Петропавлдағы №4 орта мектептің 9-сынып оқушысы үш баланың денесіне зақым келтірген. Зардап шеккендер облыстық балалар ауруханасына жеткізілген, есін біледі. Күдіктіні полиция ұстаған. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы, 14-бөлігі (Адам өлтіруге оқталу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Прокуратураның алдын ала дерегінше, кәмелетке толмаған бала психиатрлық есепте тұрады. Жасөспірім мен мектеп әкімшілігінің іс-әрекетіне сотқа дейінгі тергеу шеңберінде құқықтық баға беріледі. Оқиғаның басқа мән-жайы анықталып жатыр.