Естеріңізде болса, өткен 2022 жылдың мамыр айында Ақтөбе қаласында жоғары оқу орындарының электрондық мекенжайларына жарылғыш құрылғылардың салынғаны туралы хабарламалар келіп түсті.
Аталған мекенжайларға барлық шұғыл қызметтер, саперлер мен кинологтар қызметтік иттермен барды. Қызметкерлер мен оқушылар эвакуацияланды.
Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ.
Облыс ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында Батыс Қазақстан облысы мектептерінің бірінің 10-сынып оқушысын анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Оқушы істеген ісін мойындады. Полицейлер компьютерді тәркіледі.
Айта кету керек, құқық қорғау органдарында осындай қылмыстарды анықтауға және ашуға арналған жаңа техникалық құралдармен жабдықталған арнайы бөлімшелер бар.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті терроризм актісі туралы жалған хабарлама жасағаны үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделгенін және бұл қылмыс ауыр қылмысқа жататынын ескертеді.
Егер жалған терроризм туралы хабарлама кәмелетке толмаған баладан келсе, онда оның «әзілдері» ата-анасы жүктеледі.
Сонымен қатар, жасөспірімнің ата-анасынан арнайы қызметтердің жалған қоңырауға жұмсаған шығындары өндіріледі.
Тағы да
Үйлерін су басқан Қаратал ауылының тұрғындары қазіргі жағдайын айтты
100 жаңа жоба көрмесінде ақтөбелік қолөнер шеберлері өз туындыларын ұсынды
Ақтөбелік әйел араб көйлегін алам деп алданып қалды